Макрон: Путин бұл соғыста жеңілді!

Сәуірдің 4-і мен 7-і аралығында Қытайда сапарда болған Франция президенті Макрон: «Еуропа Тайуан мәселесін көкпарға айналдырған АҚШ пен Қытайдың ойынына араласпау керек», - деген ойын білдіріп, ел іші мен сыртында қатаң сынға ұшырап еді.

zpm-pic_32ratio_900x600-900x600-94618.jpg

Украина мен Ресей соғысы басталғанда бір жаққа шықпай, екі тарапқа тең қарауға тырысқан. Сөйткен Макрон Украина елінің алдындағы айыбын жуғысы келгендей, Зеленскийдің Париж сапары алдында қазіргі геосаяси жағдайға байланысты жергілікті басылымға қатаң ұстаныммен сұхбат берген.

Атап айтқанда Путиннің 15 айға созылған соғыста оңбай жеңілгенін кесіп айтқан.

«Путиннің шабуылын «арнаулы операция» деуге келмейді. Себебі ол артынан мемлекет көлемінде моблизация жариялады. Сол үшін мәселенің аражігін ашып алуымыз керек», - деген ол: «Путин геосаяси ойында оңбай ұтылды. Есесіне Қытайдың қолжаулығына айналды. Финляндия НАТО-ға мүше болды. Швеция кезекте тұр. Екі жылдың алдында мұны көзге елестету өзі қиын еді. Путиннің ежелден қолдаушысы болған елдерде қазір оның әскерінің әлеуетіне күман келтіруде. Путин Балтық теңізіне кіретін жолды өз қолымен жапты», - деді.

Франция басшысы: «Енді біз көп өтпей-ақ Украинаның қарымта шабуылы мен Путиннің жеңіліп, келіссөз столына отыратынына куә боламыз. Еуропаның қауіпсіздігі Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Болашақта орыспен қақтығыспайтын жол іздейміз», - деп сөзін түйіндеген.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар