Қазақстан мен Еуропа: Визасыз режим енгізіле ме?

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ЕуроОдақ пен Қазақстан арадағы визалық режимді жеңілдету мәселесін талқылауды бастағанын хабарлады.


bezvizovye-strany-dlja-kazahstana1.jpg


«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі қызметін қатар атқаратын Мұрат Нұртілеу Брюссельге сапары аясында Еуропалық ішкі істер комиссары Илва Йоханссонмен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ресми консультацияларды бастау туралы келісімге келді», – делінген хабарламада.


ҚР СІМ-і Еуропа Одағы үшін біздің елден көші-қон қаупінің жоқ екенін, Қазақстан үкіметі де заңсыз көші-қонмен күресіп жатқанын атап өтті.


Мемлекетіміз іскерлік ынтымақтастықты, туризмді және адами байланыстарды дамыту үшін ЕО-ға мүше елдердің азаматтарына біржақты визасыз режим тәртібін 2017 жылдан бастап енгізген.


Өз кезегінде Йоханссон да Еуропалық Одақ Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және екі елдің азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге бейіл екенін айтты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар