Сайлау: Оган Ердоғанды қолдады

Түркияда президенттік сайлаудың екінші туры өтеді. Бірінші турдан кейін, Ердоған мен Қылышдароғлының мүмкіндіктері тең екені байқалды. Ендігі кезек үшінші кандидат болған Синан Оганның екінші турда кімді қолдайтыны және өз жақтастарын кімге дауыс беруге шақыратыны болып тұр. 28 мамырда өтетін сайлауда Оган Ердоғанға дауыс беруге шақырды. Ол бұл туралы пресс-конференция барысында айтқан.


4c799d3c-nps8wtk9mub586m9byg7xi.jpeg

 

Оган өзіне дауыс берген жақтастарына алғыс айтып, Ердоғанға дауыс беруге шақырды. Бұған дейін ол Қылышдароғлыны қолдайтынын айтқан еді. Оганның шешімін кей партияластары жақтамады. Олар партиядан шығып, Қылышдароғлыға қосылмақ.  

 

Сайлаудың бірінші турында Ердоған 49,51 % дауыс алса, Кемал Қылышдароғлы 44,88 % дауыс алды. Ердоған Түркия премьері, артынша ел президенті ретінде елді 20 жылдан астам уақыт бойы басқарды. Оган бірінші турда 5,17 % дауыс жинаған еді. Екінші турда Оганның жақтастары Ердоғанға дауыс берсе, онда оның Қылышдароғлыны артта қалдыру мүмкіндігі артады.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар