Nickelodeon қазақша сөйлей бастады

Биылдан бастап балаларға арналған әлемге танымал «Nick Jr» арнасы қазақ тілінде көрсетіле бастайды. Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік тілдегі балалар контентін дамыту мақсатында 2021 жылдан бері «Nickelodeon» балалар телеарнасының өнімдерін қазақ тіліне аудару жобасы іске асып жатыр.


dft96a3-4637611f-0219-453c-aadd-ea56955d83f7.png


2021 жылы «Nickelodeon» телеарнасының 465 сағаттық мазмұны аударылса, 2022 жылы 345 сағаттық өнім қазақ тілінде сөйлей бастады. 

Биыл 481 сағаттық мазмұнды аудару жоспарлануда, оның ішінде 190 сағат «Nickelodeon» арнасының контенті және 291 сағат «Nick Jr» арнасының контенті қазақ тіліне аударылады.


Қазақ тіліне аударылған контенттің аудиожолақтары арнайы FTP-серверге жүктелген. Лицензиялық құқықтардың мерзімі - 2 жыл. Қазақ тіліндегі Nickelodeon бағдарламаларын тарату теледидардың пультінде тілді ауыстыру арқылы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта «Nickelodeon HD» арнасы 100% локализацияланған контентті бағдарламалаумен бірқатар кабельдік операторларынан (Қазақтелеком, TVCom, Beeline, т.б.) бөлек эфирге шығады.



Сайтхуджа Томирис Маратқызы


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар