Сауалнама: Рәміздерді күнделікті қолданып жүрміз бе?

Мемлекеттік рәміздер һәм оларға құрметтің мән-мағынасы жайлы қазақ ақпарат кеңістігінде осыған дейін аз жазылған жоқ. Шын мәнісінде рәміздер – ел ел екені, тәуелсіздігін жер жаһанға әйгілейтін әйдік белгілер. Мемлекетіміздің кешегі һәм бүгінгі тарихын ұрпақтан ұрпаққа жалғайтын, ел-халықтың рухын асқақтататын, мемтекеттің басты белгілері. Рәміздерге қарап – әлем жұрті сол мемлекетті таниды. Ал оған құрметпен қарау, рәміздерге ұқыпты болу Қазақстанның әрбір азаматының күн сайынғы парыз-борышы!


1576175569406.jpeg

(Сурет әлеуметтік желіден алынды)


Осы ретте «Mezgil.kz» ақпараттық порталының редакциясы жуырда оқырмандар арасында арнайы сауалнама жүргізді. Сауалнама «Mezgil.kz» редакциясының «Telegram» желісіндегі «Usbanov arnasy» ресми парақшасында жүргізілді. Сауалнаманың қаралым ауқымы 6,1 мың адамды қамтыған. Олардың 2,3 мыңы сауалнамаға қатысып, өз жауаптарын берген.  


Респонденттерге: «Мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Әнұран) күнделікті қолданасыз ба?», деген сауал қойылды.


Сауалнамаға қатысушылардың 31 пайызы (573 адам) «өте сирек қолданамын», деп жауап берген. Ал респонденттердің 26 пайызы (467 адам) «мемлекеттік рәміздерді күнделікті қолданбаймын», деген жауап нұсқасын таңдаған.


1685617689300955.jpeg


Тағы 24 пайыз респондент (442 адам): «Рәміздер күнделікті үйімізде немесе жұмыс орнымызда ілулі тұрады», - деп жауап берген.


Сауалнамаға қатысушылардың 19 пайызы (356 адам) «Мемлекеттік рәміздерді спорттық, мәдени немесе қоғамдық іс-шараларда ғана қолданамын», деген жауапты таңдаған.


1685617739627297.jpeg


Сауалнаманың екінші бөлігінде респонденттерге: «Әнұранды жатқа білесіз бе?» деген сауал қойылды.


Респонденттердің 79 пайызы Мемлекеттік Әнұранды жатқа білетіндерін айтқан. Тағы 17 пайыз респондент Қазақстан Гимнін толық жатқа білмейтінін жеткізген. Сауалнамаға қатысушылардың 4 пайызы Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын білмейтін болып шықты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар