Ресей: Украина қарсы шабуылды бастап кетті...

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің қарсы шабуылға шығатынын бірнеше рет мәлімдеген еді. Ол өткен сенбіде америкалық Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында УКҚ-ның шабуылға дайын екенін айтты.


1685961284877226.jpg


Зеленский Ресейдің әуе шабуылы жөнінен басымдыққа ие екенін мойындай келе, бұған қарсы Американың «Пэтриот» жүйесінің көп данасы қажет екенін жасырмады. Сондай-ақ ол шілдеде өтетін әскери одақ саммитінде Украинаны НАТО-ға мүше ретінде алу мәселесі оң шешім тапса дейді. Әрине, НАТО аталған елді соғыс кезінде мүшелікке қабылдамайтыны анық, бірақ қанды қасап тәмам бола салысымен әскери одаққа қосу туралы уәде беріледі деп күтеді.


Ал жексенбі, яғни маусым айының төрті күні, Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Италияның Corriere della Sera басылымына сұхбат беріп, Украина әскерінің тактикасы ұдайы өзгеретінін, ұрымтал сәт туғанда қарсы шабуылға көшетінін жеткізген.


Алексей Данилов сұхбатымен бірге Ресей қорғаныс министрлігінің «Украинаның қарсы шабуылға шықты деген мәлімдемесі жарияланды. РФҚМ-ның хабарлауынша, Киев сол күні таң ата Оңтүстік Донецк бағытының бес учаскесінде қарсы шабуыл бастаған. Дегенмен Украина билігі бұл туралы жұмған аузын ашпай отыр.


Ресей әскери ведомствосының дерегінше, УҚК стратегиялық резервінде тұрған 23-ші және 31-механикаландырылған бригадаларын ұрысқа қосқан, оларға өзге әскери бөлімдер қолдау көрсеткен. Механикаландырылған алты батальон мен екі танк батальоны да шабуыл шебінде жүрген көрінеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар