Жойқын соққы: Украина Лугансктегі зауытты жойды

Украина басқыншылар қолындағы Луганск қаласына жойқын соққы жасады. Соққы қаланың өндірістік ауданында орналасқан тепловоз құрастыру зауытына жасалған. Бұл зауытты Ресей әскері әскери техниканы жөндеу мақсатында қолданып келген болатын.


 ria_7-768x576.jpg


Әлеуметтік желіде зауыттың отқа оранған видеосы тарауда. Куәгерлер кемі үш зымыранмен соққы жасалғанын айтуда. Ресей Украина Storm Shadow зымырандарын қолданды дегенді айтуда. Ресейлік аудитория «неге зымыран қорғаныс жүйелері шабуылды тойтара алмаған» деген сұрақ аясында пікір алмасып, қызылкеңірдек болуда. Соққының видеосын https://t.me/paranoiakz/9943 сілтемесі арқылы көре аласыз.

 

Украина Луганскке зымыран соққыларын британдық Storm Shadow зымырандары келген сәттен бастап жасауда. Оған дейін негізгі соққы ұрыс шебіне жақын орналасқан Донецк қаласына жасалып келген-ді. Алыс қашықтыққа соққы жасауға мүмкіндік беретін зымыран түрлері келген сәттен бастап Киев ұрыс даласынан 200-250 шақырымда орналасқан нысандарды атқылау мүмкіндігіне ие болды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар