"Орал - Ресей қаласы": Екі азамат сепаратизм бойынша сотталды

Оралда сот Денис Рудных пен Кристина Кольченко ісі бойынша үкім шығарды. Оларға әлеуметтік желіде сепаратизмге шақырып, алауыздық тудырды деген айып тағылған болатын. Екеуі де Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдап, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты қауіпті пікір білдірген еді.


6305fbb3bd885524500204.jpg

 

Рудных екі бап бойынша кінәлі деп танылып, бес жыл екі айға бас бостандығынан айырылса, Кольченко бес жылға сотталды. Олар украин блогері "Пан Васильдің" тікелей эфиріне қатысып, сұрақтарына жауап берген. Эфир 2023 жылдың 11 ақпанында болған.

 

Блогер: «Егер арнайы операция басталса сендер Ресейді қолдайсыңдар ма, әлде Қазақстанды ма?» – деп сұрайды. Рудных пен Кольченко екеуі де Ресейді ашық қолдайтынын айтады. Артынша Денис Рудных: «Орал ежелден Ресей қаласы болған. Сол сияқты Павлодар, Өскемен, Семей де Ресей қалалары», - дейді. Эфир барысында Кольченко «бізді Ресей құрамына алыңыздар» дегенді де айтқан.

 

Эфир әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін қоғамда дау туындады. Рудных пен Кольченко қамауға алынды. Ал күні кеше оларға сот үкім шығарды. 6 маусым күні Петропавл қаласында сот тағы бір азаматты сепаратизм бабы бойынша айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар