Ильин кетті, Шәріпханов келді. ТЖМ енді оңала ма?

Мемлекет басшысының жарлығымен Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.


1686389852387636.jpg

Ол 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

 

1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.

 

Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

 

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы.

 

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

 

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.

 

2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.


Бүгін Қазақстан президентінің Жарлығымен Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігін 2020 жылдан бері басқырып келген Юрий Ильин қызметінен алынған еді.

Юрий Ильин Ресейдің Куйбышев қаласында дүниеге келген. Ол Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасында 1996 жылдан бастап қызмет етті. 1998 жылдан бастап қалалық ТЖД-да басшылық қызметтерде болды. 2013 жылы қала әкімінің орынбасары болды. Ал 2015 жылы оның лауазымы бірден өсіп, ҚР Президент әкімшілігіне барды. 2016 жылы ҚР ІІМ орынбасары болып жүріп, 2020 жылы қайта құрылған ТЖМ-ны тізгіндеген.

Оның министрлігі тұсында Қазақстан тарихындағы екі алапат ірі өрт орын алды. Бірі – былтыр Қостанай облысындағы өрт болса, екіншісі – қазір әлі толық ауыздықталмаған Абай облысындағы орман өрті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар