Greenpeace: Абай облысындағы өрт - планетағы ең ірі өрт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс жариялағанын бұған дейін жаздық. 

Ұранхаевты қызметтен аластатпай, тек сөгіс жариялауының себебін Президент жаңадан құрылған 

Абай облысының жаңа әкімі болғанымен байланыстырды. 

Ал бұл өңір 2022 жылдың 11-маусымына дейін Даниял Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысына қарасты болған. 


photo_431684.jpeg


2014 жылдың қараша айынан бастап күні бүгінге дейін ШҚО әкімінің орын-тағын босатпаған Даниял Ахметов кенеше жабысқан 

орнынан маусымның 16-сы күні кетеді. 

Бұл туралы Руслан Желдібай мәлімдеді. «Президенттің былтырғы жарлығы бойынша, 

ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметовтың лауазымдық өкілеттігі 2023 жылдың 15 маусымын қоса алғанда ұзартылды», – деді ол. 


Оның осы аумақты тоғыз жылға жуық уақыт басқарғанын ескерсек, 12-маусымның Ұлттық Аза тұту күні болып жариялануына 

Данияр Кенжетайұлының да қатысы бар. 


Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының ашық ғарыштық мониторингінің деректері 9 маусымда Абай облысындағы өрт 

планетадағы ең үлкен өрт болғанын айтады.


Еске салайық, Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар