Қырғызстанның бұрынғы басшысы Құрманбек Бакиев сотталды

 

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Құмтөр ісі бойынша кінәлі деп танылып, он жылға сотталды. Бұған дейін Бакиев жемқорлық жасау, халықты күшпен басу және қантөгіс ұйымдастыру сияқты түрлі айыптаулар бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға сотталған еді. Осылайша оны бас бостандығынан айыру мерзімі 30 жылға ұзарды.


20180730183211-3870.jpeg

 

Құрманбек Бакиев 2005-2010 жылдары Қырғызстанның президенті болды. Ол Асқар Ақаевты биліктен тайдырған "Қызғалдақ төңкерісі" кезеңінде билікке келді. Алайда 2010 жылдың 7-15 сәуірі аралығында кезекті төңкеріс болып, өзі биліктен кетті. Ол төңкерісті басу барысында Қырғызстанда ресми түрде 87 адам қаза тапты.

 

Бакиев төңкерістен кейін Қырғызстаннан қашып кетті. Қазіргі таңда ол Беларусь азаматтығын алып, Бішкек маңында тұрып жатыр. 2015 жылы ол Минскте зәулім үй салғанын айтқан болатын.

 

Қырғызстан билігі Минсктен Бакиевтер әулетін қайтаруды сұрап отыр. 2021 жылы Қырғызстанда Құмтөр кенішіне қатысты сот процестері басталып, Бакиев пен Ақаевқа іздеу жарияланған еді. Асқар Ақаев Қырғызстанға келіп, тергеу барысында сұрақтарға жауап берген болатын.  


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар