Қостанай Путиннің келуіне неге құштар болып отыр?

Қостанай тұрғыны, жергілікті белсенді Анель Алиғазина Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путиннің келуіне қарсылық білдіріп, пикет өткізбекші болған. Бірақ әкімдік рұқсат бермей отыр, - деп жазады ulysmedia.kz. 

керк.jpg

Ол митинг өткізгісі келетінін айтып, әкімдікке екі рет өтініш берген. Өзінің айтуынша, әкімдік қызметкерлері қоңырау оған шалып, ойынан айнытуға тырысып, қоқан-лоқы көрсеткен.


«Мен рұқсат ала алмайтынына сенімдімін. Бірақ әкімдік қызметкерлерінің маған қоңырау шалып, өте лас әрекет еткені қорқытты. Маған бұл болашақта жақсылық әкелмейтінін айтты. Университеттегілер белсенділікпен оқуды аяқтағаннан кейін айналысуға кеңес берді», - деп жазды белсенді.


Анель Алиғазина бірінші рет 7 мамырда өтініш берген. Әкімдік оның қарсылығы «күн тәртібіндегі маңызды қоғамдық мәселелерді қозғамайтынын» айтқан. Белсенді енді сотқа жүгінуге ниетті. Анель Алиғазина Ресей президентінің келуіне дайындыққа шамадан тыс қаражат кететініне алаңдаушылық білдіреді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар