Абайдағы алапат өрт: Төрт шенді тергеле ме?

8 маусымда Абай облысында басталған орман өрті әлі ауыздықталған жоқ. Өрт салдарынан 14 адам көз жұмды. Кеше өртті сөндіруге аттанып, жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды. Осылайша көз жұмғандар саны 15 адамға жетіп отыр. Ресми түрде мемлекет Аза тұту күнін жариялады. Бүгінде қоғам арасында «кінәлілерді қалай анықтап, қалай жазалайды» деген сұрақ өткір тұр.


347431139_3676470809239522_173164631152743945_n.jpg

 

Қоғам әкімдер мен министрлерден жауап алынсын, кінәлі болса жазаға тартылсын дегенді айтуда. Бүгін осыған қатысты Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев жауап қатты. Ол Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді.

 

Журналистер экс-министр Юрий Ильин, экология министрі Зульфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алына ма деп сұрады. Прокуратура өкілі жауап алынатынын растады.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары ТЖМ бұрынғы басшысы Ильин Қостанайдағы өрттен сабақ алмай, Семейдегі өртте салғырттық танытты десе, экология министрлігі орманшыларды қажетті құрал-жабдықпен, қызметтік көлік, байланыс құралдары мен бақылау дрондарымен қамтамасыз етпеді десе, Абай облысының әкімдігі күрделі сәтте жылдам әрекет етпеді деуде. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы болған сәтте аймақты ұзақ жыл басқарған Даниал Ахметовтен де жауап алуды сұрап отыр.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар