Шольц: Путиннің ойы - Беларусьті де жаулап алу!

Путин Украинаны ғана емес, Беларусті де басып алуды ойлайды, деді Германия канцлері Шольц. 


1686823589691302.jpg


«Ресей президенті кейбір көрші елдерді басып алуды көздеп отыр. Оның Украинаға қатысты жоспары дәл осындай. Тіпті Белорусті де жоспарлап отыр. Сондықтан біз Украинаны қанша қолдау керек болса, сонша қолдауымыз керек. Біз оның жоспарына қарсы екенімізді анық көрсетуіміз керек. Ресей Украина аумағынан әскерін шығаруға тиіс»,-деді Шольц баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды DW басылымы.


Ол соғысты әзірше тоқтатып қою немесе Ресей шапқыншылығын мойындау мүмкін емес екенін айтты.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар