Қазақстанның «Ата жолы» Ресейді неге алаңдатып отыр?

Қандастарға берілетін «Ата жолы» картасы туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі пікір білдіріпті. Осыған дейін орыс пропогандасы Қазақстан Үкіметінің «қандастарға беретін «Ата жолы» картасы туралы жазған. Ресей СІМ-інің сөйлеушісі адамы Мария Захарова бүйдепті:  

1686903528287621.jpg

«Мұндай бастамалар басқа елдерде де бар. Олар әртүрлі іске асырылады. Біз Қазақстан тәуелсіз қабылдаған шешімінің қандай да бір кемсітушілікке бағытталмағанын мәлімдейміз», - деді РФ СІМ өкілі Захарова.

Айта кетейік, биыл шілдеден бастап шет елде тұратын этникалық қазақтар «Ата жолы» картасын алып, Қазақстанға оңайлатылған кіру мүмкіндігін пайдалана алады.

«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты – тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады.

Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады»,-деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар