"Рамштейн" кездесуі: Млндаған оқтар, ұшақтар мен танктер

"Рамштейн" форматындағы кезекті кездесу Брюссельде (Бельгия) өтті. Киевтің 50-ге жуық одақтасы Украинаның жауынгерлік мүмкіндіктерін, қорғаныс қуаттылығын арттыру туралы талқылады.


62aad9b002027.jpeg

 

CBS News хабарлауынша, жаздың соңына дейін 200-ге жуық украин әскері американдық Abrams танктерінде жаттығуды аяқтайды. Бұл АҚШ-тан 31 танк жеткізу мерзіміне сәйкес келеді. Қазір АҚШ танктерді Германияға жеткізді. Украиналық танкистер үшінші апта Германиядағы полигонда жаттығуда. Дайындық 12 аптаға созылады.

 

Он үшінші "Рамштейнді" ашқан АҚШ қорғаныс министрі Остин украин әскерлерінің алға жылжуы туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, ұрыс қарқынды фазаға көшті, сондықтан одақтастар шұғыл қажеттіліктерге назар аударады. Оның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін күшейту және оқ-дәрілерді жеткізу де бар.

 

Нидерланды мен Дания украиналық ұшқыштарды 4-ші буын ұшақтарында, соның ішінде F-16 ұшақтарында оқытуды үйлестіреді. Польша мен Германия Leopard танктерін жеткізуді үйлестіріп, оқытуды іске асыра бермек.  

 

Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников кездесуде "ұшақтар коалициясының" егжей-тегжейлері, ұшқыштар мен қызмет көрсетушілерді даярлау талқыланатынын айтты. Ұшақ беруді қолдайтын Нидерланды, Дания, АҚШ және коалицияға қосылатын басқа елдердің өкілдерімен жабық форматта келіссөздер де өтті. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг БАҚ-қа берген түсініктемесінде украиналық ұшқыштарды оқыту басталғанын атап өтті.

 

Украинаның қарсы шабуылы жайлы АҚШ-тың Біріккен әскери штаб басшысы Марк Милли түсініктеме берді. "Қарсы шабуыл енді ғана басталды, оның нәтижелері туралы айтуға әлі ерте. Жауынгерлік әрекеттер әдеттегідей үлкен шығындарға әкеледі. Бірақ біз байланыс тобының Украинаның Ресейге қарсы тұруы үшін жеткілікті көмек көрсететініне көз жеткізуіміз керек", - деді ол. Оның айтуынша, дәл қазір әртүрлі мемлекеттегі әскери дайындық алаңдарында 6 мыңнан астам украин сарбазы оқытылуда.

 

Канада Украинаға 18 дана брондалған Senator көлігін бермек. Олар келесі аптада жеткізіледі. Сонымен қатар Канада алдағы күндері 6750 автомат, 7,62 мм калибрлі 1,1 миллион патрон, 5,56 мм калибрлі 250 000 патрон және мергендік мылтықтарға арналған 70 000 патрон жеткізеді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар