Судан сойқаны: 3 мың адам қаза тапты

Cуданда басталған әскери қақтығыс әлі жалғасуда. Ел әскері мен арнайы жасақ арасындағы ұрыстың жалғасып жатқанына екі айдан асты. Судан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша қаза тапқандар саны 3 мыңнан асқан. Ал жараланғандар саны 10 мыңнан көп.


image.jpg

 

Денсаулық сақтау министрі Хайсам Мұхаммедтің айтуынша ұрыс қимылдарына байланысты сапалы медицинамен халықты қамтамасыз ету мүмкін болмай отырған көрінеді. Ал Батыс Дарфурдағы барлық ауруханалар жабылып қалған. Ел астанасында ауруханалардың тек қана 40 пайызы жұмыс істеп тұр.

 

Қақтығысушы тараптар арасында бірнеше мәрте ұрысты уақытша тоқтату туралы келісім болған еді. 18 маусымда атысты 72 сағатқа тоқтату туралы келісім жасалған. Бұл зардап шегушілерге гумнаитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік ашады. Алайда тараптар келісімді үнемі ұстана бермейді. Бүгінде соғыс қимылдарынан 200 мыңға жуық халық босқын атанған. БҰҰ дереу арада атыс-шабысты тоқтатып, келісімге келуге шақыруда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар