Тоғжан Қожалы - Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға кірді

Президенттің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 264 Жарлығымен Ұлттық комиссияның құрамына қоғам қайраткері, "HAQ" Қайырымдылық қорының негізін қалаушы Тоғжан Қожалы енді.

 

IMG_2740-1-1024x682.jpg


Бұл ретте Ұлттық комиссия құрамынан Д.К. Құсайын және Т.И. Цветкова шығарылды.


«Тоғжан Қожалы өзінің белсенділігімен Ұлттық комиссия жұмысына ат салысады деген сенімдеміз», - атап өтті ҚР Президентінің Әкімдігі Басшысының орынбасары Аида Балаева.


Қожалы Тоғжан еңбек жолын 1994 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы болып бастаған.


Т. Қожалының еңбек жолы:


1996-1999 жылдар аралығында Қазақстан либералдық қозғалысының жастар қанатын басқарды.

 

1999 жылы Мәскеудегі Шығыстану институтының сарапшысы болды.

 

2003 - 2010 жылдары "Allianz SE" ірі халықаралық компаниясында сату жөніндегі директордың орынбасары, Басқарушы директор және Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

 

2009 - 2013 жылдары "Медикер" АҚ Бас директорының орынбасары.

 

2010-2017 жылдары "KazEnergy" қоғамдық қорында атқарушы директор болды.

 

"KazEnergy" қоры оның басшылығымен ұлттық кадрлар даярлап, гендерлік-жастар саясатын құрды.

 

2017 – 2018жж. "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ, ректордың кеңесшісі.

 

2019 жылы "HAQ" қайырымдылық қорын  және "Азаматтық бастамалар коалициясын" құрды.

 

2020 жылы оның қоры Covid-19 пандемиясы кезінде халыққа қайырымдылық көмек көрсетті.

 

2022 жылы Қожалы Тоғжан қоры Украинадағы соғыстың құрбаны болған бейбіт тұрғындарға көмек көрсетіп, ТЖ салдарынан зардап шеккен Қостанай мен Екібастұз тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар