Сәтқалиев: «АЭС салу туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ»

«АЭС салу туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ». Осылай деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.


e20880b8-90ed-46fc-b2c2-2a784862b1d9.jpeg


Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын бастау туралы шешім қоғам талқысына түсіп барып қабылданады.


«Ең алдымен қоғамдық талқылау жүргізіліп, станцияның қай жерге салынатынын шешу керек. Содан кейін қажетті құжаттар дайындалады. Шешім әлі қабылданған жоқ. Біз потенциалды технологияларды қарастырып жатырмыз», - деді Сәтқалиев.


Өткен аптада энергетика министрі АЭС салу мәселесіне байланысты референдум болмайтынын айтқан болатын.


2022 жылы Президент Тоқаев Қазақстанда АЭС салатын жердің таңдалғанын және оны келешекте кім салатынын белгілеу үшін бірнеше елдің технологиясының зерттеліп жатқанын да хабарлаған. Кейін елімізде АЭС салатын мемлекеттер консорциумы арасынан қауіпсіздікке жауапты компания таңдалатыны айтылды.


Консорциумға: қытайлық China National Nuclear Corporation, кореялық Korea Hydro & Nuclear Power, француздың Еlectricitе de France және ресейлік «Росатом» енген.


Былтыр бұрынғы экономика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясының Балқаш маңында, Алматы облысындағы Үлкен елді-мекені мен ШҚО-дағы Курчатов қаласы іргесінде салынуы мүмкін екенін айтты.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар