Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған әйелдің ұлы Тоқаевтан көмек сұрады

Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған есепші Айым Сәдуақасованың ұлы  Нұрбек Сәдуақасов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол анасының 7 жылға сотталып кеткенін әділетсіз деп санайды.


Snimok-ekrana-2023_06_21-v-19.39.04.png


«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Арыстанбек Мұхамедиұлының 150 млн теңге жымқыру туралы ісінде менің анама қатысты қатал әрі әділетсіз үкім шығарды. Мен қолдан келмейтін көмекті сұрамаймын. Мен тек әділдікті сұраймын»,-деді Сәдуақасов әлеуметтік желіде жариялаған бейнеролигінде.


Оның айтуынша, сот кезінде айыптауға қатысты ешқандай дәлелдер мен куәгерлер болмаған. Сондықтан «бұл тапсырыспен жасалып отыр» деп есептейді Сәдуақасов.


Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлының өзінен бөлек, оның орынбасары Алмаз Нұрасхан EXPONAT ЖШС Бас бухгалтері Айым Сәдуақасоваға, EXPONAT ЖШС директоры Азамат Көшенов 7 жылға сотталды және мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуға тыйым салынды.


Таяуда Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 28-бабының үшінші бөлігінде (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағында (жымқыру немесе сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар