Дәурен Абаев Ресейге Елші болып кетпек пе?

ТМД бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалмақ. Бұл туралы бірнеше телеграм арналары жариялады.


photo_423387.jpeg


«Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалады деп күтілуде» делінген дереккөздерде.


Orda.kz-тің жазуынша, Қазақстанның Ресей Сыртқы істер министрлігіне Дәурен Абаевты таныстыру үшін құжаттарды жіберіп қойған. Енді келісімді күту, кандидатураны бекіту қалды.


Сыртқы істер министрлігіндегінің жауабында Абаевтың Ресейдегі Қазақстан елшісі болу, болмауы 1-2 аптадан анықталатыны айтылған.


Дәурен Абаев – ТМД Бас хатшысының орынбасары. Ол тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, ақпарат министрі, мәдениет және спорт министрі қызметтерін атқарған.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар