Дін қызметшісі Яков Воронцов шіркеудегі қызметінен кетті

Қазақстандық белгілі дін қызметшісі Яков Воронцов қызметін тоқтатты. Ол бұл шешімді қысымсыз, өз еркімен қабылдағанын айтқан.


vorontsov-750x481.jpg


«Православиелік христиандар Құдайдың біздің РПЦ-ны қашан денацификациялап не демилитаризациялайтынын  күтпей, рухани ауру және жат ағымдармен өздері күресе бастайды деп үміттенемін. Қолымнан келгенін жасауға тырыстым. Егер миссионерлік бағдарламаның бірінші тармағы отарсыздандыру және декоммунизация болған жағдайда ғана РПЦ Қазақстанда миссионерлік қызметті жүргізуге моральдық құқығы болады. Бұл бағытта мен де қолымнан келгенді жасауға тырыстым»,- деп жазды ол әлеуметтік желіде. 


Айта кетейік, Воронцов қазақ қоғамын толғандырып жүрген көптеген өзекті мәселелерге қатысты ашық сыни ұстанымымен танымал.Ол бұған дейін Пасха мерекесінде Інжілдің бірнеше тармақтарын қазақ тілінде оқып, көпшіліктің назарына іліккен.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар