Жээнбековтің жағдайы қиын: Атамбаевтың кебін киеді

Қырғыз парламентінде экс-президент Жээнбековті экс-президент статусынан айыру мәселесі көтерілуде. Егер бұл ұсыныс қолдау тапса, онда Жээнбековтің барлық саяси иммунитеті жойылады және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі көтерілуі ықтимал. Қазіргі уақытта ол экс-президент ретінде мемлекеттік резиденцияда тұру, мемлекеттік күзет, жеке көлік пен медициналық қамтамасыз етуге ие. Бұл артықшылықтар оның отбасы мүшелеріне де қатысты.  


 5f7f4a96e15e3649483365.jpg


Жээнбековты экс-президент статусынан айыру жайлы бастама бұрын да айтылған. Алайда бұл жолы ұсыныс парламент деңгейінде айтылып отыр, бұрын тек қоғам белсенділері мен Алмазбек Атамбаев жақтастары айтқан-ды. Бұл жолы ұсынысты депутат Ақылбек Түменбаев айтты. Депутат Түменбаев президент Садыр Жапаровтың құдасы және Жоғорғы Кенештегі ең беделді депутаттың бірі саналады.  

 

"Мен Жээнбековті қамтамасыз етуге кететін шығындарды есептеуге тапсырма бердім. Оның Ала-Арча резиденциясында тұруын қамтамасыз етуге қанша ақша кетеді? Экс-президент статусына берілген артықшылықпен тек өзі емес, отбасы мүшелері де қолдануда. Мен бұл мәселені Парламентте көтеріп, арнайы заң жобасы ретінде ұсынып, президентке шығып, оны экс-президент статусынан айыруға тырысамын. Өйткені ол бұл статусқа лайық емес!" – дейді депутат Түменбаев. Ал депутат Жанар Ақаева оны толық қолдайтынын мәлімдеді.

 

Қырғызстанда экс-президент статусы бұрынғы бес президенттің екеуінде ғана қалды. Олар Роза Отынбаева мен Сооронбай Жээнбеков. Қалған президенттерге қылмыстық іс ашылған.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар