Мәскеуге тағы шабуыл жасалды

Бүгін Мәскеу облысының халқын шырт ұйқыдан жарылыс даусы оятты. 4 шілдеде Внуково әуежайының маңындағы мемлекеттік ғимараттарды камикадзе дрондар шабуылдады. Ресейлік тараптың жазуынша барлық дрондарды әуе қорғаныс жүйелері атып түсірген, қандай да бір ғимаратқа зақым келмеген.


032ac2cb48b7488db1a75db8e9903cae.jpeg

 

"Төрт дронды атып түсірдік. Бір дрон әуеде арнайы құрылғы арқылы өшірілді", – деп жазды Ресей қорғаныс министрлігі. Ресейдің СІМ арнайы өкілі Мария Захарова болса «Киев кезекті мәрте террорлық әрекетке барды» деп жар салды. "Киев режимінің азаматтық инфрақұрылым нысандары мен халықаралық рейстерді қабылдайтын әуежайға шабуыл жасауы нағыз терроризм. Бұл террорлық әрекетті Зеленский Батыс берген қарумен жасауда", - деп жазды ол.

 

Дрондар Жаңа Мәскеу ауданының маңындағы бірнеше ғимаратқа құлаған. Әлеуметтік желіде екі қабатты үйдің отқа оранғаны түсірілген видео тарауда. Желі қолданушылары үйге дрон соғылғанын айтуда.

 

Соңғы рет Мәскеуді дрондар 30 ммамырда шабуылдаған болатын. Ол сәтте 25 дрон Мәскеу маңындағы бірнеше нысанға шабуылдап, екі дрон нысанға дәл тиген еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар