Қытай: Путин! Ядролық қару қолданушы болма!

Путиннің Украина жерінде тактикалық ядролық қару қолдану идеясы әлем басшыларын алаңдатуда. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Путинмен кездесу барысында ядролық қару қолданудан бас тартуды айтып, ескерту жасаған. Бұл туралы Financial Times жазды.  


putin-si.jpg

 

Басылымның ақпаратына сенетін болсақ, ескертуді Қытай төрағасы наурыз айында Мәскеуге келген сәтте айтқан. Украина соғысында ядролық қару қолдануға болмайтындығы жайлы мәселе Бейжің ұсынған соғысты тоқтату жоспарында да жазылған. Алайда Қытайдың соғысты тоқтату жоспары тым ресейшіл көзқараста жазылғандықтан Батыста қолдау таппады.

 

Батыс елдері Қытайдың бұл соғыста бүйрегі Ресейге бұратыны айқын дейді, алайда тактикалық ядролық қару қолдануға қарсылығын шынайы деп бағалайды. «Ядролық қару қолдану Ресейді ең жақын деген серіктестері мен одақтастарынан да айыратын қадам болады» дейді қытайлық сарапшылар. Олар «бұл қадам ойын шартын мүлде өзгертіп, қақтығыстың аумағын кеңейтіп, реттеуді мүмкін емес деңгейге жеткізер еді» деп болжайды.

 

Бейжің Ресейдің Украинаға соғыс ашуын айыптаған емес. Алайда Си төрағаның Ресейді ядролық қару қолданудан бас тартуға шақырып, ескерту жасауы оны Батысқа біртабан жақын ете түскендей. ЕО өкілі Жозеп Боррель «Сидің әрекеті Путинді ядролық қару қолданудан бас тартуға ықпал етеді» деп санайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар