Қазақты қорлап сөйлеген тағы бір сепаратистің үстінен іс қозғалды

Чат-рулетка желісінде қазақ ұлтын қорлап сөйлеген қарағандылық әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 


karaganda-chat_ruletka.jpg

«Бейнематериалды полиция қызметкерлері зерттеді. Осы факт бойынша биыл 24 маусымда ҚР ҚК-нің 174-бабымен (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру)  қаланың 45 жастағы тұрғынының үстінен қылмыстық іс ашылды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 


Қарағанды тұрғыны видеобайланыс арқылы Грузия азаматымен сөйлесу кезінде қазақтар туралы балағат сөздер айтқан. Ол Қазақстанда Қырымдағыдай референдум өткізілгенін және Ресейге қосылағанын қолдайтынын айтқан. 


Бұған дейін бірнеше рет «Қазақстанның Ресейге қосылуын» жақтайтын сепаратистер шыққан. Оларға тиісті жаза қолданылып келеді. Мысалы, чат-рулеткада «Егер Ресей Қазақстанға да «арнайы операция» бастаса, Ресей жағына шығамыз» деген екі қазақстандық алауыздық пен сепаратизмді қоздырды деген айыппен 5 жылға сотталды. 


«Қазақстаннан тәуелсізбіз» деп жүрген Петропавлдағы топтың 3 белсендісі 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оларға «республиканың бітұтастығы мен тұтастығын ыдыратуға насихаттау және жария түрде шақыру» бабы бойынша айып тағылды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар