Ресейге санкция: Қазақстанға несімен пайдалы?

«Атамекен» ұлттық палатасы Ресейге тіркемелер мен жартылай тіркемелерді әкелуге тыйым салуды көздейтін Еуропалық Одақтың жаңа санкциялар пакетіне түсініктеме берді.


polupricepy-na-platforme-1024x682.jpg


ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әміриннің айтуынша, енгізілген шара отандық автомобиль тасымалына пайдалы.


Атап айтқанда, шекарадағы бәсекелестік төмендейді, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді қайта тіркеу қажеттілігі жойылады, қазақстандық тасымалдаушылар Еуропалық Одақ бағытында артық жүктемесіз жүре алады, сондай-ақ жүк жөнелтуші Еуропадан Қазақстанға дейін қазақстандық көлікті жалдайтын болады.


Ұлттық палата отандық тасымалдаушылар кездесуі мүмкін қиындықты атады. Ол Қазақстанға ресейлік және беларусь көліктері ағыла бастауы.


«Бұл елдер санкцияны айналып өту үшін Қазақстанда көлік компанияларын тіркейді. Қазақстандық нөмір алып, Еуропаға қиындықсыз кіреді. Мұндайда бәсекелестік артуы мүмкін, өйткені ешкім баға демпингін жойған жоқ. Егер 2021 жылдың қорытындысына қарасақ, рұқсат бланкілерін қолдана отырып, халықаралық тасымалдарда 1038-ге жуық компания тіркелген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2657-ге жуық компанияға жетті», – деді Мұрат Әмірин.

 

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар