Жаңа жоспар: Ресей шабуыл жасаса?..

НАТО елдері қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін алғаш рет Ресеймен соғыс болған жағдайда қарсы әрекет ету жоспарын бекітті.


d8ac26c160dbe1d19cb01e942bee2.jpeg

 

Жоспарда Ресей шабуыл жасаған сәтте маңызды инфрақұрылым кешендерін қалай қорғау керектігі, маңызды биіктіктер мен аймақтарды ұстап тұру әрекеттері егжей-тегжейлі жазылған. Құрлық әскері мен әуе күштерінің, теңіз әскери күштерінің әрекеттері де толық сипатталған. Шабуылдың бірнеше сценарийі қарастырылып, оған нақты жауап нұсқалары да пысықталған.

 

Жоспарда НАТО елдері әскери бюджетін арттырып, қуатты елдер блоктың әлсіз елдерін қолдау керектігі айтылады. Жаңа қару-жарақ түрлерімен қарулану жайлы да айтылған. НАТО басшылығы блокқа мүше әр ел өзінің әскери бюджетін кемі ЖІӨ-нің 2 пайызына дейін арттыру керектігі айтылады.

 

Жоспарды нақты Вильнюсте өтіп жатқан НАТО саммитінде бекіту қарастырылуда. Осыған дейін аталмыш жоспарды Түркия бұғаттап келген болатын. Анкара Кипр мәселесі мен Грекия арасындағы қақтығысқа байланысты қандай да бір ортақ жоспарларға қосылмай келген еді.

 

2022 жылғы Мадрид саммитінде НАТО елдері жаңа қорғаныс концепциясын жасады. Онда Ресейді алғаш рет «тікелей қауіпті ел» деп бекіткен болатын. НАТО өзінің шығыс флангын қуатты ету үшін жылдам әрекет ететін жасақ санын 40 мыңнан 300 мыңға дейін арттырмақ. Жаңа жоспарда Ресей шабуылға шыққан жағдайда әуе күштері қарсыластың шабуылын тойтарып, артынша қарсыластың маңызды әскери нысандарын зымыранмен атқылап жою жайлы айтылған. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар