Қарабақ дауы: Ереван капитуляцияға дайындалып жатыр...

Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Григорян мен АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Салливан кездесіп, Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім жөнінде сөйлесті. Бұл туралы Iravunk армян басылымы жазады. 

1689246507631307.jpg

Григорянға Вашингтон мен Бакуден 7 түрлі талап қойылған:

▪️ Вашингтонда жыл соңына дейін Бейбіт келісімге қол қойылуы керек;

▪️ Армения өзінің оңтүстік аудандарында 65 мың Әзірбайжан босқындарын қабылдауға міндетті;

▪️ Сюник облысында Армениядағы әзірбайжандардың қауіпсіздік қамтамасыз ететін Бакудің құрылымы ашылуы керек;

▪️ Армения 2026 жылға қарай ресейлік базаны өз аумағынан шығарып, оны Шығыс серіктестігі бағдарламасы бойынша НАТО-ның оқу бөлімдерімен алмастыруға міндетті;

▪️ Армения Әзірбайжанға КСРО картасында бекітілген анклавтарды беруі керек;

▪️ Халықаралық кеден ұйымының қатысуымен, яғни Ресей Федерациясының қатысуынсыз Зангезур дәлізі ашылуы керек;

▪️ Армения Қарабақтан толық бас тартуы керек.

«Егер бұл рас болса, бұл Арцахтың ғана берілуі емес, Арменияның сөзсіз берілуін білдіреді, тіпті картадан да жойылады деп болжауға болады», - деп атап өтті басылым.

Осыған дейін Вильнюстегі НАТО басқосуында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «2025 жылы Ресей Қарабақтан кетеді. Келісім солай. Мен Ресей сол келісімді сақтайды деп сенемін», - деп мәлімдеген еді.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар