Ресейлік спортшылар жаппай өзге ел азаматтығын алуда

Ресейдің Украинаға соғыс ашқан кезеңінен бастап ресейлік спортшылар жаппай өзге ел азаматтығын алып жатыр. Бұл түсінікті де. Бір жағынан әлемдік қауымдастық Ресей экономикасын қыспаққа алса, екінші жағынан ресейлік спортшыларды жарысқа қатыстыруға тыйым салуда. Ресей спортшылары олимпиада ойындарына бейтарап тумен шыққан сәттер де болды. Ал дүбірлі додаларда Ресей әнұраны қойылмайтын сәттер жиіледі.


688776ed8641a3dec3dd7fd9324fb3e4.jpg

 

Соғыс басталған сәттен бастап Ресейдің 200-ден астам спортшысы өзге ел азаматтығын алғаны белгілі болды. Ресейлік спортшылар өзге ел азаматтығын алғанын көбіне жария ете бермейді. Бұл халықаралық жарыстарда анықталып жатады.

 

2022–2023 жылдары 141 ресейлік шахматшы азаматтығын ауыстырған. Оның ішінде танымал Кирилл Алексеенко, Евгений Романов, Александр Мотылев, Алексей Сарана, Александра Костенюк пен Алина Кашлинская да бар. Мәнерлеп сырғанаушылар арасында Глеб Смолкин, Диана Дэвис, Софья Шифрина, ат спортынан Екатерина Дубровина, Елизавета Минина мен Алина Свердлова басқа елдің азаматтығын алған. Ресей теннисі де біраз талантты спортшыларынан айырылды. Басқа елдің азаматтығын таңдағандар арасында Елена Рыбакина, Варвара Грачева, Натела Дзаламидзе бар.  

 

Жалпы ресейлік спортшылар ең көп кеткен ел Израиль саналады. 25 ресейлік спортшы енді Израиль туының астында өнер көрсетуде. Екінші орынды Сербия иемденуде. Сербияға 19 спортшы кеткен. Артынша Германии – 13, Франция - 12 спортшы, Польша – 11, Қазақстан – 10 ресейлік спортшыдан қабылдаған. Ұлыбритания мен АҚШ, Канада және Испания азаматтығын алған ресейлік спортшылар да жетерлік. Жақында ресейлік танымал теннисші Мира Андрееваның өзге ел азаматтығын алатыны хабарланды. Ол Францияға кетпек.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар