Генерал қызметтен шеттетілді: "Майдан даласында жағдай қиын"

Ресейдің 58-ші жалпыәскери армиясының қолбасшысы, генерал-майор Иван Попов майдан даласындағы жағдайдың қиын екенін айтып, баяндама жасағаны үшін қызметтен шеттетілді. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Андрей Гурулев мәлімдеді.


anons.jpg

 

Попов өзінің баяндамасын аудио арқылы жасаған. Ол ұрыс даласындағы жағдайдың ауыр екенін айтып, сарбаздарды тиісті қамтамасыз ету төмен екенін жеткізген. Ол өзінің майдан шебіндегі басты мәселесі қарсыластың қуатты артиллериясы дейді. Артиллериялық соққының салдарынан сарбаздар жаппай қырылып жатқанын да жасырмапты.

 

Попов Қорғаныс министрлігі оның баяндамасындағы мәселеге емес, өзіне шүйліккенін айтады. Министрлік бір күннің ішінде тиісті бұйрық шығарып, оны қызметтен шеттеткен көрінеді. Генералды шындықты айтқаны үшін қызметтен шеттеткені жайлы алғаш болып вагнерліктердің Grey Zone арнасы жариялаған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар