Байден: Путин жеңілді, ал Пригожин сақ болсын!

Аптаның басты жаңалығының бірі НАТО саммиті және Байденнің Еуропа елдеріне сапары болғаны сөзсіз. АҚШ президенті Еуропадағы одақтастарымен кездесіп, қауіпсіздік мәселесін және Украина соғысын ашық талқылады.


346891900197058.jpeg

 

Ол Еуропадағы ең соңғы сапарын Финляндияға жасап, еліне қайтты. Солтүстік Еуропа көшбасшыларымен кездесіп, Ресейден қорғану мәселесін талқылады. Вашингтон Байденнің сапары НАТО-ның біртұтас қуатты блокқа айналғанын және Украина соғысында маңызды рөл ойнайтынын айқын көрсетті дейді.

 

«Путинде үлкен мәселе пайда болды. Ол ары қарай не істеймін, қандай бағытта жылжимын деп бас қатыруда. Ол қандай ресурсты қолданамын деп ойлануда, соғыс көптеген ресурсты қажет етеді ғой. Путинге соғысты ертең-ақ бітіруге болар еді, бар болғаны «Мен әскерімді әкетемін» десе болғаны. Соғыстың соңында қандай келісім болатыны Путинге де байланысты. Бірақ ол Украинада жеңіске жете алмайды. Путин бұл соғыста қазірдің өзінде жеңілді» , деді Байден.

 

Байден НАТО-ға Украинаны қабылдауға қатысты да пікір білдірді. «Сөзсіз НАТО-ға Украина кіреді. Бірақ қазір емес. Соғыс жүріп жатқан сәтте Киев НАТО-ға кірсе, онда үшінші дүниежүзілік соғыс басталар еді. Оны Украина тарапы да жақсы түсініп отыр», - деді АҚШ басшысы.

 

Байденнің ойынша Путин Пригожинді улап өлтіруі ықтимал. Ол бұл туралы былай дейді: «Оның не істейтіні (Путиннің) бір Құдайға ғана аян. Оның қайда екенін және кіммен байланыста екенін (Пригожиннің) біз білмейміз. Егер мен оның орнында болсам, не ішіп, не жеп отырғаныма мұқият болар едім. Мәзірді мұқият қарайтын едім. Ал егер қалжыңды ысырып қоятын болсақ, онда кім біліпті не боларын».

 

13-шілдеде Ресей президенті Путин де тілшілердің сұрағына жауап берді. Ол «Украинаны НАТО-ға қабылдау Ресей үшін қауіпті және осы қауіптің алдын-алу мақсатында арнайы операцияны бастадық» деді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар