Швеция: Құранды өртеді...кезек Библия мен Тәуратта

Швецияда билік Библия мен Тораны өртеуге рұқсат етті. Бұған дейін Швецияда Құранды өртеу акциялары бірнеше мәрте болып, Ислам әлемі наразылық танытқан болатын. Иракта тіпті Швеция елшілігін наразы топ басып алып, туын отқа жақты. Ал Түркия осы уақытқа дейін Швецияны НАТО-ға қабылдауға қарсылық танытып келуінің бір себебі осы еді.


4453675.jpg

 
21 қаңтарда Түркия елшілігінің алдында белсенді Расмус Паладан Құран кітабын отқа жақты. 28 маусымда, Құрбан Айт қарсаңында Стокгольмде белсенділер таңы да отқа Құранды жақты. Әлем өз наразылығын танытты. Иран Швецияға жіберуге тиіс елшісінің бармайтынын мәлімдеді.

Енді Израиль елшілігінің алдында белсенді Библия мен Тораны өртемек. Билік рұқсатын берген. Акцияға үш адам қатысады деп күтілуде. Олар "Құранды өртеген топқа жауабымыз осылай болмақ" дейді. Акция сенбі күні, 14:00-ге жоспарланған.

Израиль президенті Ицхак Герцог Швеция билігін рұқсат бергені үшін қатаң сынға алды. Ол Құранды өртеу акциясын да сынаған болатын.  Ол "еврейлердің қасиетті кітабын отқа өртеу Израильді қапаландырады" деп мәлімдеді.

2017 жылы Данияда Құран мен Библияны өртеу акциялары болып, әлемде діни қақтығыс болу қаупі артқан еді. Қазіргі шиеленісті сарапшылар сол кезеңмен салыстыруға болады дейді. 


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар