Украина: Қырымды қайтарып, 800 мың ресейлікті қуып шығамыз!

 

Украина әскері қарымта шабуылды күшейтті. Қазіргі уақытта Киев Ресей әскерінің маңызды тасымалдау тораптарына соққы жасауда. Украинаның басты мақсаты Қырымға баратын құрлық жолын бақылауға алу. Сол мақсатта Запорожье облысында қарсы шабуылды үдете түсті.


65850f5-7755486-krym.jpg

 

Бүгін Қырым көпірінде жарылыс болып, көпірдің беті опырылып түсті. Бұл аталмыш көпірдегі екінші жарылыс. 2022 жылы 8-қазанда Қырым көпірінде жарылыс болып, 5 адам қаза тапқан болатын. Көпірдің жұмысы уақытша тоқтатылған еді.

 

Қырым көпіріндегі жойқын жарылыстан кейін әлем «Украина Қырымды азат етсе, қандай әрекетке барады, ондағы ресейліктердің жағдайы не болмақ» деген сұрақ аясында талқы жүргізуде. ️Украина президентінің тұрақты өкілі Тамила Ташева Қырымды деоккупациялаған соң, 10 мыңға жуық азаматты басқыншылармен бірлесе әрекет еткені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күтіп тұрғанын айтты. Олар Ресей басқыншыларымен бірлесе жұмыс істеп, Қырымды оккупациялауға жол ашқан. Әскери және мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Ресейге болысқан.

 

Сонымен бірге Украина Ресей билігіне бас имеген, олармен істес болмаған қырымдықтарды оккупация құрбаны санап, оларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету базасын да жасауда. Осы уакқытқа дейін Қырымға 800 мыңнан астам ресейлік заңсыз көшіп келген. Украина Қырымды қайтарған соң, оларды күштеп депортациялайтын болады. Ресей Қырымды оккупациялағаннан кейін Қырым татарларын күштеп көшіру, оларды қуғындау процесін іске асырды. Украина халықаралық ұйымдармен олардың мәселесін оң шешу жұмыстарын жүргізуде. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар