Қырғыздар өз тілінің бағын жандырды. Біз ше?

Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуге міндеттелді. Бұл туралы заңға  президент Садыр Жапаров қол қойды.

 

1153699.28c9d8a571275200d276c83b35b575c6.jpg


Қырғызстан парламентінің депутаттары биыл мамырда мақұлдаған заң бойынша, бұдан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелерде қырғыз тілін қолдануға міндетті.

 

Барлық мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл - қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

 

Бұл заң меншік түріне қарамастан телерадиокомпанияларды бағдарламаның кемі 60 пайызын қырғыз тілінде жүргізуге міндеттейді. Бірлескен компаниялар мен шетелдік компаниялар атауы қырғыз тіліндегі транслитерациямен жазылуға тиіс.

 

Ал орыс тілі Қырғызстанда ресми тіл ретінде қолданылады.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар