АҚШ: Ресейге көмектескен Қырғызстан да санкцияға ілігеді

Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін АҚШ Қырғызстанға экономикалық шаралар дайындап жатыр.


1843347.890846f4eb09550545317b3ac7df6be7.jpg


Кейбір қырғызстандық фирмалар санкцияларға ұшыраған тауарларды сатуды күрт өсіріп,  содан пайда табады. Бұл туралы The Washington Post басылымы америкалық шенеуніктердің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.


 «Америкалық және еуропалық дипломаттар Бішкекке бірнеше ай бойы сапарлап барып жүрді. Сапардан еш нәтиже шықпаған соң, Байден әкімшілігі Қырғызстандағы сауданы мәжбүрлеп тоқтату үшін экономикалық шаралар дайындауда. Шаралар осы аптада қабылдануы мүмкін», - деді шенеуніктер.


«Елдің шекаралары арқылы тауарлардың қозғалысын бақылайтын электрондық жүйелер жақсартылды. Сондықтан Мәскеумен сауданың өсуі байқалады. Қырғызстан мен Ресей ЕАЭО мүшелері, ал жалпы алғанда Ресей - біздің негізгі сауда серіктестеріміздің бірі», - деп хабарлады Қырғызстанның АҚШ-тағы елшілігі.


Қырғызстан парламенті депутаттары АҚШ-тың санкция салуына қарсылық білдірді.


АҚШ Қаржы министрлігі Орталық Азия елдерін Ресей Федерациясымен байланысын үзуге көндіруді жоспарлар отыр.


Mezgil


Ұқсас тақырыптар