Қырымдағы әскери қойма жарылысы: Маңызды қарулар жойылды

Күні кеше ғана Украинаның оккупациядағы аймағы саналатын Қырымда жойқын жарылыс болды. Қырым түбегіндегі Ескі Қырым қаласының маңындағы әскери қойма отқа оранып, жарылып кеткен.


image.jpg

 

Әлеуметтік желіде Қырымдағы әскери қойманың жарылып кетуінің басты себебі зымыран соққысы екені айтылды. Жергілікті тұрғындар кемі үш зымыранның қоймағы тигенін жазды. Алайда оккупациялық билік ол ақпаратты жоққа шығарды. Ресей дереу арада әскери қоймаға жақын орналасқан 4 елді-мекеннің 2200 халқын қауіпсіз аймаққа эвакуациялады. Себебі қоймадағы қару-жарақ бірнеше сағат үздіксіз жарылған.

 

Ресей әскері Керчь, Симферополь мен Севастопольге тікелей баратын жолды жауып тастаған. Басты мақсаттары қойма маңында диверсия болуы да ықтимал деген нұсқаны қарастыру.  

 

Украин әскери сарапшысы, бұрын Украинаның Қырымдағы әскери қоймасында қызмет еткен запастағы полковник Владислав Селезнев қоймада өте маңызды қару түрлері болғанын айтады. Ол Ресей Қырымды басып алған соң, бұл әскери қоймаға қуатты қару түрлерін әкеле бастағанын да жасырмады. «Мен қоймада қандау қару түрлері болғанын айта алмаймын. Бұл әскери құпия. Қазір соғыс болғандықтан ол жағы түсінікті де. Алайда қоймада 122, 152 ммтрлік оқ-дәрі түрлері сақталғанын нақты білемін», - дейді ол. Сарапшы жарылысқа алыс қашықтыққа соққы жасауға қабілетті Storm Shadow зымыраны себепкер болуы мүмкін дейді. 

 

Осыған дейін Зеленский Қырымдағы әскери қойма мен нысандардан аулақ жүруге кеңес беріп, жергілікті тұрғындарға үндеу жариялаған болатын. «Украина әскері көпірді жарып, қойманы соққыға алу арқылы Қырымдағы Ресейдің әскери әлеуетін әлсірету жоспарын іске асыруда» дейді француз сарапшылары.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар