ЦРУ Пригожин жайлы: Путин - кек алудың хас шебері!

ЦРУ директоры Уильям Бернстің ойынша Вагнердің бүлігін Путин ұмыта қойған жоқ, ал Пригожинді Путин тарапынан әлі жауапқа тарту әрекеті болады дейді. Бұл туралы ол қауіпсіздікке арналған Aspen Security Forum барысында айтты. Бернстің пікірінше Путин кек алудың оңтайлы сәтін күтіп отыр.


973.jpg

 

ЦРУ басшысы вагнерліктердің бүлігі Путиннің әлсіз тұстарын ашып көрсетті және Ресей басшысы бұл әрекетін кешірмейді деген ойда. Қазіргі уақытта вагнерліктер Африка, Сирия мен Ливияда әлі де Кремль үшін маңызды рөл ойнағандықтан, Путин ең алдымен Пригожин мен вагнерліктерді бөлуді жоспарлауда дейді ол.

 

«Путин кекті суытып жейтін кешкі астай көретін адам. Менің ойымша, Путин – кек алудың хас шебері және Пригожин де бұл кектен қашып құтылмас», - дейді Бернс. Бұған дейін АҚШ басшысы Байден «Пригожинге жейтін тамағы мен ішетін суына абай болғаны жөн» деген еді.

 

Уильям Бернс вагнерліктердің бүлік жасайтынын ЦРУ алдын-ала білгенін дже жасырмады. Ол генерал Суровикиннің бостандықта екеніне де күмән келтірді. Вагнер әскерінің бүлігі Путин билігі үшін 23 жылдағы ең үлкен стресс-тест болды дейді ол.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар