Ресей қауіпті әрекетке көшті: АЭС миналанды!

Ресей әскері Запорож АЭС-інің маңын миналап тастаған. Бұл халықаралық талапқа қарама-қайшы өрескел құқық бұзушылық болып саналады. АЭС маңының миналанғанын МАГАТЭ сарапшылары айтты.


71_main-v1687788695.jpg

 

Электр станцияның маңына жаяу әскерге қарсы мина қойылған. Бұл МАГАТЭ стандартына қарсы әрекет болып саналады. Бұған дейін Мәскеу АЭС-те ешқандай қару жоқ, миналау болмайды деген еді.

 

"Біздің жұмыс тобымыз миналауға байланысты АЭС басшылығымен сөйлесті, олар бұл ресейлік әскерилердің шешімі дегенді айтты. АЭС маңын миналау МАГАТЭ талаптарына қарсы және станциядағы қызметкерлерге қосымша психологиялық қысым деген сөз", – дейді МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси.

 

АЭС маңындағы миналар жарылса станцияның реакторларына әсер етпеуі тиіс дейді сарапшылар. «Алайда АЭС маңын миналау арқылы Ресей бұл маңда қандай да бір әскери іс-қимылдар жүргізуге дайын екенін аңғартуда, ал ол өте қауіпті», - дейді МАГАТЭ өкілдері.  

 

МАГАТЭ өкілдері АЭС маңында мониторинг жүргізуде, АЭС ішіне де кіруге рұқсат алған. Алайда Ресей әскері әлі күнге дейін сарапшыларды АЭС-тің шатырына көтерілуіне рұқсат бермей отыр. Сонымен бірге АЭС-тің төртінші және үшінші блоктарын қарауға да кедергі жасауда.

 

Маусым айында Украина тарапы Ресейді «АЭС-ті жарып жіберуге дайындалуда» деп айыптаған болатын. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығаруда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар