Тайуань: Қытай қолбасшылары суицид жасауда

Қытай әскери саласындағы «ішкі тазалау» жалғасуда. Тайуань ақпарат көздері соңғы уақытта Қытайдың Зымыран әскеріндегі өзгерістер жайлы жазуда. Бейжің Зымыран әскери бөлімшелеріндегі құпияны жария етті және өзге елге берді деген желеумен қолбасшыларды қызметтен алуда.


 Армия кнр: численность, структура. народно-освободительная армия китая  (ноак)

 

Тайуаньға тиесілі Newtalk сайты Зымыран әскерінің қолбасшы орынбасары Ву Гохуаның 6-шілде күні өзіне қол салғанын жазды. Ресми түрде Бейжің оның өлімін растап, «миына қан құйылғаннан көз жұмды» деп мәлімдеді.

 

Бейжің соңғы жылдары әскери саладағы шенеуніктерді тексеру ісін құпия етіп тастаған. Жоғары шенді әскерилердің өлімін «жүрек талмасы» немесе «миына қан құйылудан болды» деп жариялап келеді. «Әдетте жоғары әскери шенді азаматты Коммунистік партияның тәртіп бөлімшесі тексере бастаған сәтте, суицид жасайтындар болады» дейді Тайуань ақапарт көздері

 

Си Цзиньпин әскер саласында жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыра бастаған сәттен бастап, Теңіс-әскери күштерінің 7 офицері көз жұмған. Тәуелсіз ақпарат көздері олардың барлығы өзіне қол салғанын айтады. 27 маусым күні Зымыран әскерінің қолбасшысы Ли Юйчаоны әcкери поллиция үйінен алып кеткен. Отбасы мүшелерінде осы уақытқа дейін ол туралы ақпарат жоқ. Бұрын зымыран әскерінің қолбасшы орынбасары болған Чжан Чжэньчжун мен Зымыран әскерінің қолбасшы орынбасарларының бірі Лю Гуанбинь сәуір айында қызметтен алынған болатын. Оларға қатысты іс ашылып, әскери құпияны жария етті деген айып тағылған.

 

2022 жылдың 24-қазанында АҚШ-тағы CASI институты (Қытай әскері бойынша зерттеу жүргізеді) Қытайдың зымыран әскеріне қатысты 255 беттік зерттеу жұмысын жариялады. Онда әскери шенділерден бастап сарбаздарға дейінга ақпараттар, қандай зымыран бар екені, әскери базалар мен қару түрлері, олардың сипаттамасы толық жазылған. Осы жайттан кейін Қытай билігі әскери саладағы «тазалау жұмыстарын» бастады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар