Ресейлік туристерді қуып шықты: "Орыстандыруға жол жоқ!"

Грузияның Батуми қаласына 27 шілдеде Сочиден ресейлік туристер отырған Astoria Grande лайнері келді. Алайда грузиялық наразы топтың акциясынан кейін лайнер порттан кетуге мәжбүр болған.


 Акция в порту Батуми. 27 июля 2023 года


Наразылық Тбилиси орталығы мен Батуми қаласында өтті. Наразылыққа себепкер болған ресейлік туристердің Грузия сайттарына берген сұхбатына байланысты болып отыр. Онда ресейліктер 2008 жылғы Мәскеудің Грузияға қарсы әрекетін қолдаған. Туристердің бірі «Ресей Абхазияны грузиндерден азат етті» деген.

 

Тбилисиде наразылық акциясы парламент үйінің алдында өтті. Белсенділер Ресей туын өртеп жіберген. Ал Батумидегі наразылық акциясына халық «Ресей бізді отанымыз бен болашағымыздан айырды», «Орыстандыру саясатына жол жоқ», Грузия үкіметі грузин халқын орыстандыра алмайды» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан. Жиналған топ «Русский корабль, иди на **й», «Путин – х**ло», «Абхазия – Грузия» деп ұрандаған. Наразылық акциясы күшейген соң лайнер Батуми портынан кетуге мәжбүр болған.

 

Грузия ІІМ Абхазияға барған ресейлік туристерге қатысты қылмыстық іс ашуы мүмкін. Грузия заңнамасына сәйкес оккупациядағы аймаққа бару қылмыс болып саналады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар