Ресейде тағы шулы іс: Анаңа қарсы куәлік бер!

Ресейдің Архангельск облысындағы Мирный жабық қаласында ІІМ тоғыз және он жастағы балаларды олардың аналарына ашылған іске қатысты тергеуге шақырды. Олардың аналары Лидия Прудовская «Ресей әскерін масқаралады» деген айыппен тергелуде. Балаларды тергеу комитеті куәгер ретінде шақыртқан.


original-bi.jpg

 

28 шілде күні тергеуші Прудовскаяның үйіне тергеуге деген үш шақырту әкелген. Оның бірі күдікті ретінде Прудовскаяға берілсе, екеуі куәгер ретінде балаларына берілген. Бұған дейін Прудовскаяның пәтерін тексеруге қатысты сот шешімі шыққан еді.  

 

Лидия Прудовская балаларымен бірге Мирный жабық қаласында тұрады. Қаланың жанында "Плесецк" ғарыш айлағы мен бірнеше әскери бөлімше орналасқан. Бұған дейін Прудовская Ресей әскерінің беделін түсірді деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген болатын. Ол "ВКонтакте" желісінде соғысқа қарсы жазба қалдырғаны үшін 2022 жылдың қыркүйегінде 35 мың рубль айыппұл төлеген еді. Тәуелсіз сарапшылар тергеушілер балаларға аналарына қарсы куәлік беруге психологиялық қысым жасауда дейді. 

 

Ресейде әскердің беделін түсірді деген айыппен сотталушылар саны жүзден асқан. Ал әскери бөлімшелер мен теміржол тораптарын және военкоматты өртеді дегендер 10-20 жылға сотталуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар