Украина Мәскеуге бір аптада 2 рет дрон шабуылын жасады. 30 шілде мен 1 тамызда «Мәскеу-Ситидің» екі мұнарасына соққы жасалды.
Осыған байланысты Түрікменстан өз азаматтарын Ресейден шұғыл эвакуациялауға дайындалып жатыр.
Елдің Қорғаныс министрлігі Түркіменстан азаматтарын Астраханнан Түрікменбашыға көшірмек. Қазіргі уақытта «Turkmenistan Airlines» сайтында Ашхабадтан Мәскеуге билет сатып алу мүмкін емес.
«Түрікменстан» әуекомпаниясы 1 тамыздан бастап Мәскеуге ұшуды тоқтатқанын хабарлады. Мұны «Мәскеу әуе аймағындағы шиеленіске байланысты ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара» деп түсіндірген.
Mezgil.kz