Башқұрт белсендісі: Башқұрт, Татар мен Ичкерия Тәуелсіздік алуы керек!

Башқұртстанның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі Руслан Габбасов: «Башқұртстан, Ичкерия, Татарстан Ресейден тәуелсіздік алуы керек», - деп мәлімдеді.  

1691054591358870.jpg

«Ресейдегі көптеген халықтың өз мемлекетігі бар, тілін, мәдениетін, тарихи болмысын жоғалтпаған. Ресей –  халықтарды отарлау арқылы өмір сүріп, кеңейетін классикалық империя.

Украина соғыста жеңіске жеткеннен кейін, Ресей Федерациясының агрессиясын тоқтатудың жалғыз жолы қалады. Ол – құрамындағы халықтарды ондаған тәуелсіз мемлекеттерге бөліп жіберу. Осылайша, неміс халқы фашизмнен өзін емдегендей, Ресейдің халқы да өзін емдеуі керек. 

Башқұртстан, Ичкерия, Татарстан және басқа да ұлттық республикалар тәуелсіздік алып, өз тағдырларын өздері шешуі керек», - деді Башқұртстанның Тәуелсіздік қозғалысының жетекшісі Руслан Габбасов Жапонияда өткен «Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумында.

Осыған дейін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумынын Ресейдің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреретінін мәлімдеді.

«Пост-Ресейдің еркін халықтары» форумы – муниципалды және аймақтық көшбасшыларды, Ресей Федерациясының оппозициялық ағымдарының қатысушыларын, Ресей Федерациясын өзгерту мақсатында ұлттық қозғалыстардың өкілдерін біріктіру алаңы.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар