Экс-президент Базум: Нигерді Ресей мен «Вагнер» жауламақ...

Әскери хунта биліктен құлатқан Нигер президенті Мохамед Базум АҚШ және басқа елдерден конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге көмектесуін сұрады.

1691138148903772.jpg

Оның айтуынша, егер путиншілдер билікте қалатын болса, Орталық Сахелдің бүкіл аймағы Ресей мен «Вагнер» ЖӘК-нің қолында кетеді.

«Осындай қиын кезеңде Америка Құрама Штаттарының Үкіметі мен бүкіл халықаралық қауымдастықты біздің конституциямызды қалпына келтіруге көмектесуін сұраймын», - деп жазды Мохамед Базум америкалық Washington Post газетіне. Ол өзін «кепілге алынған адыммын» деп атаған.

Мохамед Базум өзінің үндеуінде Нигердің әскери хунтасы Ресей мен «Вагнер» ЖӘК-ті елге тартпақшы екенін айтады.

«Орталық Сахелдің бүкіл аймағы Украинаны қан-жоса қылып, террористік әрекеттер жасаған «Вагнер» ЖӘК пен Ресейдің ықпалына түскелі тұр», - деп жазады Базум.

Тақтан тайдырылған президент АҚШ пен Францияның Нигердегі радикалды исламшыл топтардың әрекетіне тосқауыл қойып, көмектескенінің арқасында елде өмір сүру біраз қауіпсіз бола бастаған.

Оның жазуынша, ендігі кезекте әскери хунта радикал діни топтарды жойған АҚШ пен Франциядан бас тартып, оның орнына Ресейге бас ұрмақ.

Мохамед Базум 2021 жылы Нигерге бейбіт және демократиялық сайлаудың нәтижесінде президент болып келді.

Ірі уран өндіруші Нигерде Франция мен АҚШ-тың әскери базалары орналасқан. Бұл елдер Сахелдегі жиһад экстремизміне қарсы күресті жүргізіп отыр.

2021 жылы көрші Малидің әскери басшылығы «Вагнер» ЖӘК-пен ынтымақтасу туралы шешім қабылдағаннан кейін, Франция өзінің терроризмге қарсы аймақтық операциялар орталығын Нигерге көшірген.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар