Саудиядағы келіссөз: Ресейсіз Ресейді талқылау!

Сауд Арабиясы Ресей-Украина соғысын тоқтатуға арағайындық жасау үшін Түркиямен бірігіп жатыр. 


Саудовская Аравия проведет переговоры по установлению мира в Украине без  участия России — новости на сайте Ак Жайык

 

Америкалық CNBC телеарнасы: "Ауқымы үлкен қақтығыстарға "орта державалардың" араласуы жаңа әлемнің белгісі. Олар АҚШ пен Батыссыз-ақ өздері шешім қабылдай алады. Ал шағын мемлекеттер өздерін АҚШ-пен де, Ресей Федерациясымен де, Қытаймен де байланыстыруға міндетті емес", - деп хабарлады.

 

Сауд Арабиясының соғысты тоқтатуға мүдделі болуына себеп: ол да Түркия секілді әлемге саяси ықпалын арттырғысы келеді. Сауд-Арабиясының мұрагер ханзадасы бен Салман өз патшалығының имиджі мен мәртебесін өзгертуге тырысып жатыр.

 

Сауд Арабиясы  5-6 тамызда Украина, АҚШ және Еуропа елдері,  Үндістан, Бразилия басшыларын шақырып, Украина мәселесі бойынша Джидда қаласында бейбіт саммит өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жиынға Ресей қатыстырылмайды.

 

"Сауд Арабиясы қақтығысушы тараптарды диалогқа әкелу процесін бастады. Бұл оны аймақтық держава және әлемдік маңызды ойыншы ету үшін қажет қадам", - дейді сарапшы Симон Энгелькеc. Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы АҚШ-тың ең сенімді серіктесі саналады. Соған қарамастан соңғы уақытта ол Қытаймен де, Ресеймен де жақсы қатынаста. Соңғы айларда Ресей мен Сауд Арабиясы арасында бірқатар кикілжіңдер пайда болды. Мәскеу ОПЕК+ аясындағы мұнайды қысқарту міндеттемісін іске асырмады.

 

Сауд Арабиясының Батыспен де қарым-қатынасы суыды. Оған Йемендегі соғыс әсер етті. Ондағы адам құқығының бұзылуы Батыс тарапынан Саудияны айыптауға әкелді. Ал Түркия жеріндегі Сауд Арабиясы елшілігінде Жамал Хашоггиді өлтіруі және ол оқиғаның артында Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бен Сальманнның тұруы елдің имиджін құлдыратып, саяси соққы болды.

 

Ендігі таңда Сауд Арабиясы құлдыраған имиджін қалпына келтіру үшін жаңа қадамдар жасауда. Ол әлемдік ойыншы ретінде өзін көрсетіп, Ресей мен Украина соғысын реттеуге атсалыспақ.

 

Шілде айында Сауд Арабиясы мен Түркия басшылары Ресейге күштеп жер аударылған украин балаларын отбасына қайтару мақсатында келіссөздер жүргізген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар