Уран нарығы: Қазақстан Ресейді алмастырады...

АҚШ Ресейден уран сатып алуды азайтпақ, оның орнына осы металға бай кен орындары бар Қазақстаннан алуды көздеп отыр, деп жазады The Diplomat.

1691396754164620.jpg

Қазақстан Украина-Ресей соғысы басталғанға дейін халықаралық уран нарығындағы өз үлесін кеңейтуге ұмтылған болатын. Енді АҚШ-тың ресейлік ядролық отын шикізатынан бас тартуы бұл процеске тағы серпін берді.

«Соғыс басталғалы біз Канада мен Румынияға Транскаспий халықаралық көлік бағыты (орта дәліз) арқылы кем дегенде екі уран партиясын экспорттадық», - деп жазады басылым.

АҚШ ресейлік ураннан толығымен бас тартып, Қазақстанға ауысу үшін экспорттық инфрақұрылымды жаңарту керек.

«Бұл мәселелерді шешу керек, АҚШ пен Еуропаның көміртегі отынына тәуелділікті азайтуға деген ұмтылысын ескерсек, Батыс елдеріне уран экспортынан түсетін пайда жоғары болуы керек», - деп жаздыThe Diplomat.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар