Cталин дәуірімен теңесті: Отанға опасыздық жасағандар сотталсын!

Ресей нағыз тоталитарлық елге айналды. 2023 жылы Ресейде мемлекетке опасыздық жасау және сатқындық бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің саны соңғы 20 жылдықта дәл осы бап бойынша қозғалған қылмыстық істердің санынан көп болмақ.  «Холод» басылымы соңғы жеті айдағы көрсеткішті зерттеп, дәл осындай қорытындыға келді.


Сталин и Путин - извините, сравниваю двух правителей России | Это Досье |  Дзен

 

2023 жылдың қаңтар мен шілде аралығында Ресейде отанға опасыздық жасады деген айыппен 82 іс қозғалған. 2022 жылы бұл бап бойынша 20 іс қозғалған еді. Алайда шынайы көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, себебі басылым ақпараттарды ашық дереккөздерден алған, ал көп жағдайда қылмыстық істер жайлы ақпарат жария етілмейді.

 

Басылым Сталин дәуірінде дәл осындай айыппен өте көп іс қозғалғанын айтады. Ал Сталин өлгеннен кейін дәл қазіргі масштабтағыдай «отанға опасыздық жасау» бабы бойынша тіпті КСРО-ның өзінде де іс қозғалмаған көрінеді. «Холод» басылымының зерттеуінше бұрын бұл бап бойынша көбіне әскери сала қызметкерлері, ғалымдар мен саясаткерлер айыпталса, бүгінде бұл айыпты кез келген азамат арқалап кетуі мүмкін. Тіпті мемлекеттік қызметте болмаған қарапайым азаматтарға да әлеуметтік желідегі пікірі үшін «отанға опасыздық пен сатқындық жасады» деп іс қозғап, ұзақ жылға соттап жіберуі ықтимал.

 

1997-2017 жылдар аралығында Ресейде «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен 101 іс қозғалған. Яғни орта есеппен жылына 5 іс қозғалып отырған. Ал бүгінде Ресейде айына орта есеппен 20 іс қозғалуда. Көбіне бұл әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты болып отыр. Тұтқынға берілу, соғысқа бармауға үндеу мен ұрыс даласындағы шығынға қатысты ақпарат жазу Ресейде «отанға опасыздық жасау» деп саналуда. Сарапшылар Ресей бір жыл ішінде толық тоталитарлық елге айнылып кеткенін жазуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар