Zeekr-шілер көбейеді: Электромобиль Қазақстан нарығына ресми кірді

 

Zeekr электромобильдерін Қазақстан аумағында ресми түрде сату және қызмет көрсету құқығын Orbis Аuto ресми түрде иеленді. Тиісті дистрибьюторлық келісімге Алматыда Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін қазақстандық Еvolux Auto ЖШС және қытайлық Zeekr Intelligent Technology компаниясы қол қойды.


 

Ресми дистрибьютордың жоспарында Қазақстанның негізгі қалаларында дилерлік орталықтар желісін ашу, сатып алушыларды сатудан кейінгі қызмет көрсетумен қамтамасыз ету кіреді. Сонымен қатар, брендтің ресми дистрибьюторы бүкіл ел бойынша электр зарядтау станцияларының  желілерін ашып, қалааралық бағыттарда да орнатуды жоспарлап отыр.  

 

Zeekr алғашқы ресми жеткізілетін автомобильдері ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында қазақстандық нарыққашығармақ. Өндіруші биыл біздің елімізде екі модельді ұсынбақшы, олар Zeekr 001 және Zeekr X спорттық кроссовері.

 

Өз кезегінде ZEEKR Intelligent Technology вице-президенті Ю Чен келісімге қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан қытайлық автоөндірушілер үшін ең тартымды нарықтардың бірі болып табылатынын айтты. ZEEKR ҚР нарығына ресми түрде шыққан электромобильдердің алғашқы премиум бренді болып отыр. Қытай автонарығы әлемді жаулауды жалғастыруда. Бүгінде Бейжің электромобиль өндіру бойынша әлемде көш бастады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар