Ресей олигархтары: "Мәскеудің, Ресейдің атауы жойылсын"

Ресейлік олигархтар, Forbes тізіміндегі миллиардерлер Уикипедиядағы, жеке сайттары мен әлеуметтік желісіндегі туған жеріне қатысты, ұстанымына қатысты биографияларын жаппай өзгертуде. 


Все будут молчать»: Олигархи России боятся публично осуждать решение Путина  по Украине | Капитал страны


Бұл олардың жеке шешімі ме, әлде PR-агенттіктерінің ұсынысы ма, ол жағы белгісіз. Олар Ресей мен Мәскеуге қатысты ақпараттарды жойып, өзге посткеңестік елде өмірге келдік, басқа елдің азаматымыз деген ақпараттарды енгізуде. Көбіне олар Украинаны көрсеткен.  

 

Мысалы инвестбанкир Рубен Варданян өзін армян ұлты ретінде сипаттап, бір беттік биография жазыпты. Бұған дейін оның биографиясында ұлты көрсетілмеген болатын. Ал "Альфа-Групп" басшысы Михаил Фридман өзі жайлы ақпаратты былай толықтырыпты: "Украина жерінде өмірге келген ресейлік-израильдік кәсіпкер". "Яндекс" иегері Аркадий Волож болса Қазақстанда өмірге келген израильдік кәсіпкер деп өзінің биографиясына түзетулер енгізген.

 

Өзге олигархтар да дәл осы жолды таңдапты. Мысалы ТНК-BP мұнай компаниясын сатып жіберген олигарх Виктор Вексельберг өзінің биографиясына Украинада туған, Кипр азаматтығы бар кәсіпкер деп жазып қойған.  

 

Сарапшылар кәсіпкерлердің жаппай биографияларын өзгертіп жатуы олардың санкциядан құтылуға ұмтылысы мен шетелмен қарым-қатынасты жақсарту амалы дейді. Осылайша олар жаппай биографиясынан Ресейдің, Мәскеудің атын өшіруде. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар